Отбасында зәбір көргендер дағдарыс орталығын паналайды – Атырау облысы

Өңірде жыл басынан бері 14 әйел мен 40-қа жуық балаға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның тоғызы әлі күнге сонда тұрып жатыр. Ал облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығына 2 мыңнан астам қоңырау түскен. Олардың басым көпшілігі күйеуінен зәбір көрген. Өкініштісі, зорлық-зомбылық құрбаны болған ана мен сәби саны жыл санап артып барады. Бұл балапандардың орталықты мекендегеніне жарты жылға жуықтапты. Жағдайлары жаман емес. Анасы жанында, жатар орын сайлы. Бірақ өз шаңырғаныдай болмайтыны анық. Зәбірленшуі келіншектің айтуынша, күйеуімен отау құрғанына 10 жылдан асыпты. Бірақ жұмыссыз азамат соңғы кезде ішімдікке салынып, бала-шағаға қол көтеруді дағдыға айналдырыпты. Шыдамаған келіншек балапандарының амандығы үшін бас сауғалап осында келген. 

Жәбірленуші:

Өзім жұмысқа орналастым. 3 балам бар. Үлкені мектепте оқиды. Екеуі осы бөлімшеде. Отбасын бұзу деген өте бір қиын нәрсе ғой, бәлен жыл бірге тұрып қалғаннан кейін балаларымның әкесі болғандықтан, мен отбасын қайта сақтап қалғым келеді. Егер де өзі отбасын сақтап қаламын деген үмітпен келетін болса, онда мен қосылуға дайынмын.

Бірақ ауылдағ күйеуі осы уақытқа дейін бала-шағасының халін білуге құлқы жоқ секілді.

Айбаршын Иманғалиева, әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары:

Араларында 3 бала бар. Бірнеше рет шақырдық. Бірақ жолдасын әлі күнге дейін келтіре алмай қойдық. Телефон арқылы сөйлеседі. Барам-барам, келем-келем, бірақ әлі күнге дейін еш хабар жоқ. Келмей отыр. Бұл жерде мәселе құқық бұзушыны жазалау емес, бұл жерде отбасын сақтап, жәбірленушіні қолдау жұмыстары 

Тағдыр тәлкегіне түскендерді қоғам далаға тастамайды. Бұл орталықта әйел-аналарға кеңес беріледі. Жұмысқа орналасады. Қажет болса, құжаттарын реттеуге, пәтер кезегіне тұруға мүмкіндік бар. Өткен бес айда 14 әйел мен 36 бала осы орталықты уақытша паналапты. Көпшілігі өзара келісімге келіп татуласқан. Бірақ қоғам дертіне айналып бара жатқан зомбылық кеселі жыл санап көбейіп барады, дейді мамандар.

Анаргүл Сұлтанғалиева, учаскелік полиция инспекторы:

– Қорғау нұсқамасының санын айтатын болсақ, биылға 972 болса, былтыр 380-дей бар. Сонымен қатар 46-бапты алатын болсақ, 39 процентке көтеріліп тұр. Әйел адамдар әдетте ішкі дүниесін аша бермейді. Сондықтан біздер тек заң қызметкері емес, сонымен қатар психологтың да міндетін атқаруға тырсымаыз. 

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, отбасылық жанжал көбіне жас жанұялардан шығады екен. Осы орталыққа келгендердің 80 процентінің жасы 30-ға дейінгілер екен. Жас шаңырақтың шайқалуына тұрмыстық тапшылық пен жас адамдардың өзара түсініспеушілігі себеп екені анық. Ал оның зардабын сәбилер тартады. 

Авиорлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов