Маска тағу тағы міндеттеле ме? – Үкімет отырысы

Сейсенбі сайын өтетін Үкімет отырысына Премьер-министр бастаған ақжағалылар бүгін маскамен келді. Денсаулық сақтау министрі елде коронавирус өршігенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе елорда мен Алматыда ахуал ушығып барады. Себебі екі қалаға шетелден келетіндер көп. Республика бойынша вирус жұқтырғандардың 78 проценті Алматыда. Ажар Ғинияттың сөзінше, ауырғандардың 80 проценті вакцина алмаған немесе ревакцинадан өтпеген. Әлемнің өзге елдері сияқты бізде де ковидтың омикрон деген түрі белең алып барады. Осы бетпен қыркүйекке дейін өрши беруі бек мүмкін.