Елордада бірнеше автобустың қатынау маршруты өзгерді

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты астанада бірнеше қоғамдық көліктің жүретін бағыты ауысты.

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, №№ 10, 29, 29А, 12, 35, 21, 28, 70, 37 бағдарларының қозғалыс сызбасы жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін уақытша өзгереді.