Петропавлда көпқабатты үй жылыту маусымына дайын емес

Петропавлда тапқан таянғанына баспана алып, төбелері көкке жеткен тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылды. Себебі жаңадан бой көтерген бес қабатты тұрғын үй әлі күнге дейін жылу желісіне қосылмаған. Салдарынан халық сақтық үшін электр қондырғыларын сатып алыпты.  Өйткені қыс таяп қалды.

Серік Жампейісов, Петропавл қаласының тұрғыны:

- 2020 жылы біз 30 процент ақша төледік те сатып алдық. Қалғанын документ келгеннен кейін былтыр бастадық. Биыл уже ремонт істедік те кіріп, осы үйде тұрып жатырмыз. Жылы су жоқ. Ыстық суға қосылуға рұқсат алынған жоқ, теплосетьтен. Үй салған кісі әне болады, міне болады деп айтады. Бірақ болмай жатыр.

Аталған көпқабатты үй жарты жыл бұрын халық игілігіне берілген. «Сырты бүтін көрінгенімен іші түтін»,- дейді тұрғындар.

Томирис Нұрғалиева, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Пәтерімізде жөндеу жүмыстарын жүргіздік. Көп ақша кетті. Енді жылу уақытында берілмесе, ертең бәрі бүлінеді ғой. Сосын ол шығынды бізге кім өтейді?  

Мердігер компания құжаттарды рәсімдеп, пәтерлерді сатқанымен құрылыс жұмыстарын толық аяқтамаған. Жылу және ыстық судан бөлек, ауласы да абаттандырылмапты. Бұдан бөлек балкон да ретке келтірілмеген.  Жауаптылар болса кеткен кемшіліктерді ай соңына дейін ретке келтіреміз деп тағы да сендірді.

Әміржан Шәкей, құрылыс компаниясының директоры:

- Ыстық су жылумен бірге беріледі. Бөлек берілмейді. Документтеріміз әлі дайын емес. Сол құжаттарды дұрыстап жатырмыз, қазіргі уақытта. Теловой сеть бар құжаттарымызға ескерту берген. Енді замечаниелерді жөндеп жатырмыз.  

Бұл комерциялық баспана. Тұрғындар мәселе шешілмесе, қыста үйіміз қатып қала ма деп алаңдапдап отыр.  

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов