«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» атауы өзгермейді

Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзиннің айтуынша, бұл мәселе әзірге күн тәртібінде жоқ. ИATA-код әуежайдың атауымен сәйкес келуге тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сол әуежай орналасқан қала атауымен бірдей болу міндетті емес. Халықаралық тәжірибеде мұндай талап жоқ. Ал кодты өзгерту керек болса, ол ұзаққа созылатын процесс.

Дәулет Хамзин, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Мысалы, Джон Кеннеди әуежайының ИАТА-коды ДжиЭфКей. Басқа да елдерде әуежай коды орналасқан қаланың емес, әуежайдың атауымен сәйкес келетінін білесіздер. Баку әуежайының ИАТА-коды ДжиУайДи, яғни, Гейдар Әлиев әуежайы дегенді білдіреді.

Биылдыққа Астана әуежайы 3 жарым млн жолаушыға қызмет көрсетті. Жыл соңына дейін 5,5 млн-ға жетеді деген жоспар бар. Пандемия кезінде халықаралық рейстердің шектелуі себепті елорда әуежайында жолаушылар ағыны 58%-ға қысқарған еді. Ал, биыл Акционерлік қоғам 68 млрд теңгеден аса кіріс түседі деп үміттеніп отыр. Бұл былтырғымен салыстырғанда 15,8%-ға көп.