Қазақстандық өнертапқыш әмбебап дрон үшін АҚШ-та бірнеше патент алды

Қазақстандық өнертапқыш, инженер-конструктор Ерлан Әлімханов АҚШ-та бірнеше патент алды.

Мысалы, отандасымыз әр түрлі тапсырманы орындайтын әмбебап дрон ойлап тапқан. Бұдан бөлек конвертоплан, яғни тікұшақ пен самолеттың қосындысы сияқты құрылғыны жетілдіру жөнінде тағы бір жаңалық ашқан. Бірнеше әскер құрылымдар мен қару-жарақ шығаратын кәсіпорындарға ұсынысын жолдаған. Қолдау болып, демеушілер табылып жатса, өндірістік сынақтарға кіріспек. Қазір отандасымыз Вашингтондағы Роквилл (Rockville) ғылыми орталығында америкалық оқушыларға роботехника және инженерлік шешімдер жөнінде дәріс береді.

Ерлан Әлімханов, өнертапқыш:

- Екі дрон – ол кішкене құпия тақырып. Бірақ ол – көпмақсаттағы дрон. Ол неше түрлі тапсырманы шешеді. Енді түріктердің «Байрактарына» ұқсайды. Қазақстанға керек болсам, келемін.