Елімізде 2,7 миллиард теңгенің жолы қайта салынды

Бұл жұмыстар құрылысты сапасыз жүргізген мердігерлердің есебінен атқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол активтері ұлттық сапа орталығының директоры Замир Сағыновтың айтуынша аймақтарда жол құрылысы әлі де толық қадағаланбайды. Себебі әкімдіктер кәсіби жолшы және заманауи техникасы бар  ұлттық сапа орталығымен келісім-шарт жасауға асықпайды. Сол себепті көп жолдың сапасы бақылаусыз қалып, бір жылға жетпей бүлінеді.

Замир Сағынов, Жол активтері ұлттық сапа орталығының директоры:

- Жергілікті жолда табылып жатқан ақаулар өте көп. Ол күрделі және. 2022 жылы 29 мың жол материалдарын тексердік. Соның 24 пайызы сапасыз деп мәлімдеме жасадық. Оның ішінде ең көп сапасыз материал қолданылған ол жергілікті жерлер.

Сондай-ақ...