Елімізде коронавирустың омикрон штамы тарап жатыр

Еліміздегі коронавирус індетінің таралуы тұмау ауруының асқынуымен тікелей байланысты.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, қазір республикадағы жағдай тұрақты. Мәселен, былтыр осы кезеңде күніне бір жарым мың науқас тіркелсе, қазір бұл көрсеткіш 10 есе төмен. Қазақстанның барлық өңірі жасыл аймақта орналасқан. Отандық денсаулық сақтау жүйесі кез келген эпидемияға дайын. Ауруханалардағы инфекциялық бөлімшелерде орын жеткілікті. Бұл індетке шалдықпау үшін мамандар дер кезінде вакцина салдыртуды ескертеді.

Мейірім Сұлтанова, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Қазір бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның омикрон штамының таралуы байқалып оытр. Бұл штамм басқаларына қарағанда тез тарайды, бірақ басқаларға қарағанда жеңіл түрде өтеді. Сондықтан елімізде омикрон штамының варианттары тіркеліп жатыр. Қазан айынан бастап жедел респираторлық вирусты ңинфеккциялардың тұмау ауруының эпидемиологиялық маусымы басталды. Бұл коронавирустың өсуі де сол маусымға байланысты.