Қостанайда үкіметтік емес ұйым жобаларының қоғамдық тыңдалымы өтті

Қостанайда үкіметтік емес ұйым жобаларының қоғамдық тыңдалымы өтті. Онда жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, байқау нәтижесінде анықталған үздік 10 қоғамдық ұйым өкілдері марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Қостанай облысында мыңға тарта үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соның шамамен 600-700-і белсенді жұмыс істейді. Жыл санап олардың қатары көбейіп келеді.

Динара Өтебаева, «ГрИн» Азаматтық Альянсы ҚҚ төрайымы:

- Соңғы екі жылдың ішінде 24 жаңа үкіметтік емес ұйым тіркелді. Жаңа бағыттар пайда болып жатыр. Мысалы бұрын қалада бір ғана мүгедектер қоғамы болса, қазір ортақ мүддеге біріккен жеке ұйымдар көп. Бұл белгілі бір топттың өздеріне қатысты көктейтесті, ауқымды мәселелерді  тез шешуге ықпал етеді.

Биыл ашылған үкіметтік емес ұйымдардың бірі «Өзгерістердің  көшбасшылары» деп аталады. Олар жастарды, тіпті мектеп оқушыларын  кәсіп игеріп, өндіріспен айналысуға баулиды. Осы ұйымның көмегімен бес адам грант жеңіп алып, жеке ісін ашқан. «Біз жастарға аздан бастауды үйретеміз», - дейді қоғамлық ұйым өкілдері.  

Марат Ахметқалиұлы, «Өзгерістердің көшбасшылары» қоғамдық қорының жетекшісі:

- Үлкен ақша керек. Біз соларды ақырындап түсіріп, көрсеттік, 200 мың тенге ол да бір ақша. Қадамдап-қадамдап, сонда ғана жеңіске жетеді. Бірден өте көп нагрузка алуға болмайды, соған үйрету керек деп өзім ойлаймын.

Қостанай облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев жылдан-жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ұлғайып, жаңа жобалар қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Марат Жұрқабаев, Қостанай облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы:

- Биыл біздің басқарма 8 жобаны жүзеге асырды. Оның жалпы құны 41,5 млн тенге. Жеке бір жобаларға қаржы бөлгенде, оның халық үшін маңыздылығына аса мән береміз. Келешекте мемлекеттік тапсырысты құрағанда қазіргі уақыт талабына қаншалықты сай келетіндігі ескеріледі.

Жиын соңында дәстүрлі байқау қорытындысы шығарылып, үздік 10 үкіметтік емес ұйым өкілдеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг