Түркістан облысында «Жеті жұрттың» тілін білетін мұғалім тұрады

Смадияр Кәрімов - Қалаубек Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, әрі ағылшын тілі пәнінен сабақ береді.

Қазақ, орыс, өзбек тілдерінен бөлек, түрік, араб, кәріс тілдерін де меңгеріп алған. Арап тілін бала кезінде әкесінен үйренсе, ағылшын, түрік, орыс тілдерін мектеп қабырғанда жүргенде оқығанын айтады.

Смадияр Кәрімов, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

- «Бір тілді үйренсең бір адамсың, екі тілді үйренсең екі адамсың» деген сияқты бір тілді үйреніп алсаң ары қарай оңай келеді екен өзі. – Кәріс тілін қайдан үйрендіңіз? – Кәріс тіліне қызығушылық пайда болды. Кореяға 1-2 рет барып келгенім бар. Жаттай бердік, әрібін үйрендік. Арнайы оқыған жоқпын, өзім іздендім.

«Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» демекші, жан-жақты, білімді азаматқа жұрт та үйірсек келеді. Сондықтан ортасына беделді, әріптестеріне сыйлы.   

Құралай Тасболатова, тарих пәнінің мұғалімі:

- Осы тіл мәселесіне келгенде азамат ретінде көзқарасы өте ұстамды. Мүдірместен жауап беруге дайын тұрады. Жалпы оның рухани дүниесіне сүйсінемін. Бізден кіші болғанымен көргені көп азаматтың бірі деп есептеймін.

Білікті ұстазды шәкірттері де құрметтейді. Әр сабағын асыға күтеді. Тілді балалардың тез үйренуі үшін оңай тәсіл қолданып, ойын түрінде өткізетін айтады.

Бізге 3 жылдан бері сабақ беріп жатыр. Тілді үйретуі маған қатты ұнайды. Оны қиын жолмен емес, оңай жолмен, жеңіл тәсілмен үйретеді.

Біз «жеті жұрттың тілін білген» ұстазды сынап көру үшін бір сөйемеді бірнеше тілде айтып беруін өтіндік.

Смадияр Кәрімов, Қазығұрт ауданының тұрғыны:

- Ал енді мен сіздерге «Хабар24» телеарнасын күніге көремін» дегенді бірнеше тілде айтамын. Орысша «я сматрю «хабар24» каждый день. Түрікшесінде «Her gün haber kanalını izlerim», ағылшынша, «I watch Khabar 24 TV every day», арабша «أشاهد قناة خبر 24 كل يوم», кәрісша «나는 매일 Khabar 24 TV 본다», өзбекше «“Xabar 24” telekanalini har kuni tomosha qilaman» бірнеше тілде осылай айтылады.

Зейінді ұстаздың ендігі арманы – қытай тілін үйрену. Қанша қиын болса да ниеттенген адам мақсатына жетпей қоймайтынын айтады. Сондықтан оқу-білімге құштар болу, тілін үйренудің ерте-кеші жоқ деген пікірде.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш