Қызылордада оң жаға магистральды су арнасы арқылы өтетін автокөлік көпірінің құрылысы басталды. Жоба құны 1 млрд теңге. Өткелдің ұзындығы 56, ені 14 метр.
Теміртауда шайыр өңдейтін цехтың 45 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Өрт сөндірушілер келген кезде шайыр, антрацен, нафталин майы мен қалдықтары жанып жатқан.
Соңғы 2 жылда елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және олардың мәртебесін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылды.