Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті

Алматыда төрт көлік пен манипулятордың қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлады zakon.kz.

Алдымен Toyota Mark II және Toyota Chaser көліктері соқтығысты. Одан кейін екі жүргізуші де тізгінді игере алмай, Марк II көлігі өтіп бара жатқан Hyundai Elantra-ға, ал Chaser тұрақта тұрған Hino манипуляторына соғылған. Одан соң BMW 5 көлігіне де соғылды.

Апат салдарынан Chaser көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.