Елімізде жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық IRAP жүйесі іске қосылады

Жыл сайын жол-көлік апатынан 2 мыңнан аса адам көз жұмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық IRAP жүйесі іске қосылады. Апаттың 30%-тен адами фактордан болса, 70%-і жолдардың сапасыздығы, белгілердің талапқа сай болмауы және техникадағы ақау сынды жағдайлардан болады. Қазір IRAP көмегімен автомобиль жолдарының 6000 шақырымында бағалау жұмыстары жүргізілді.

Замир Сағынов, «Жол активтері» ұлттық сапа орталығының бас директоры:

- Биыл жол белгілерін тексеруді бастадық. 10 мың жол белгілерін тексердік. Оның 34%-і стандартқа сай емес. Бұл жүйе арқылы республикадағы барлық жолды тексеру қажет. Бес балдық жүйемен тексеріледі. Осы балдық жүйені көтеру бағытында ұсынысты жібереді.