Хромтауда жарылыстан үй қирап, 7 адам ауруханаға түсті

Хромтау ауданы, Ақжар ауылында жеке үйде жарылыс болып, кіреберіс бөлме құлап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 16:00-де Хромтау ауданы Ақжар ауылындағы үйде жарылыс болып, кіреберіс құлап қалды. Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімінің бригадасы жіберілді.

«Төтенше оқиға кезінде Хромтау қаласының ауруханасына 7 адам жеткізілді. Олардың үшеуі бала. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауырлықта. Қазіргі уақытта бәрін дәрігерлер өз бақылауына алды»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.