Екібастұзда 15 жасар велосипедшіні көлік қағып кетті

Екібастұзда 15 сәуір күні сағат 15:50-де «Toyota Land Cruiser» маркалы көліктің жүргізушісі М.Әуезов көшесіндегі 59 үйдің ауласында велосипедпен келе жатқан 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Аталған факті тіркелді. Тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.