Шымкенттегі тәртіпсіздік: төрт полицей ауыр халде жатыр

Жаңаөзенде басталған бейбіт шеру Шымкентте де жалғасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

5 мыңнан астам халық қалалық әкімдіктің алаңына жиналды. Қымбатшылықты ұран еткен шерудің ақыры қақтығысқа ұласып, жиналғандар әкімдіктің ішіне басып кірді. Алтыншы қабатқа дейін көтерілген жұрт терезелерді сындырып, қолына ілінген бұйымдарды бүлдірген. Компьютерлерді өздерімен бірге алып кеткен. Сондай-ақ 59 полиция машинасы жарамсыз күйге түсіп, біреуі түгел жанып кетті. Наразылық білдірген белсенділер бірнеше көлікті де аударып тастады. Әлі материалдық шығын толық есептелген жоқ. Түнгі сағат 21:00-дің шамасында басталған шеру таңғы төртке қарай тоқтатылды. 12 адам түрлі дене жарақатымен медицина мамандарының көмегіне жүгінді. Оның төртеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Олардың барлығы – полиция қызметкерлері. Жиналған жұрттың тәртіпсіздікке бой алдыруы арандатушылықтың салдары дейді әкімдіктегілер. Себебі арнайы топ халықтың арасына ұран тастап, бүлік шығарған.

Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің бірінші орынбасары:

- Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрғандарды шабуылдай бастады. Қолдарында арматура, тас, әр түрлі құралдары бар. Сосын бір оншақты адам әкімдікке басып кірді. Алтыншы қабатқа дейін есіктерді қиратып, техникалардың бәрін бүлдіріп, құжаттарды далаға лақтырып, кейбір компьютер, ноутбуктарды өздерімен алып кеткен.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті