Атырау облысында бір адам жол апатынан ажал құшты

Қайғылы жағдай Атырау – Дамбы тас жолының бойында болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Полиция департаменті мәлім еткендей, LADA Priora көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, екі көлікпен соқтығысты. Екі жолаушы ауруханаға түсіп, бір адам көз жұмды.

ДҮКЕН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ ТҮРКІСТАН

Түркістанда Алматыдағы қақтығыс кезінде дүкен тонаған өскемендік екі жігіт ұсталды. Олар қаңтардағы қайғылы жағдайда бас пайдаларын ойлап, 5 ұялы телефон, сымсыз құлаққап пен смарт-сағатты алып кеткен. Шығын көлемі – 1 млн. теңге. Күдіктілер іздерін жасыру үшін Өскеменге барып, бірнеше смартфонды сатып жіберген. Кейін Түркістанға келіп қолға түсті. Тергеу жүріп жатыр.

ҰРЛЫҚПЕН ҰСТАЛДЫ

Елордада құрылыс алаңынан кабель мен дәнекерлеу құрылғысын ұрлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

АРАҚ-ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында заңсыз айналымнан 630 литр алкоголь өнімдері тәркіленді. Тексеріс кезінде олардың рұқсат қағаздары болмай шықты. Полиция қызметкерлері кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жіберілді. Өңірде жедел-алдын алу шарасы барысында ішімдікке салынған 165 адам тіркеуге алынды.

ӨНДІРІС ЦЕХТЕН ӨРТ ШЫҚТЫ

Петропавлдағы зауытта өрт болды. Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, тілсіз жау өндірістік цехтардың бірінен шыққан. Құтқарушылар оның ішінен жеңіл көлікті шығарып, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

ҮЙІР ЖЫЛҚЫ ӨЗЕНГЕ ҚҰЛАДЫ  

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында тебінде жүріп Ертістің үстіне шығып кеткен 15 жылқы құтқарылды. Олар мұз сөгіліп, су жайыла бастағандықтан жағаға жете алмай қалған. Ақыры жылқылардың иесі құтқаршыларды көмекке шақыруға мәжбүр болады. Бастапқыда жылқылар құтқаруға келген адамдардан үркіп, жағадан кері қаша бастаған. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметкерлері жағаға шөп жеткізіп, малды арқанмен шығарып алды.