ШҚО-да 230-дан астам адамды кене шаққан

Шығыс Қазақстан облысында күн жылына сала кене де оянды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қансорғыштар 230-дан астам адамды шағып алған. Оның 80-нен астамы – балалар. Жәндіктердің белсенділігі енді арта түседі. Сондықтан тұрғындар табиғат аясына демалысқа шыққанда аса сақ болғаны жөн деп ескертеді эпидемиологтар. Кене шаққан адамдардың 200-ден астамы иммуно-глуболин екпесін қабылдапты. Шығыстағы Қатонқарағай, Үржар ,Зайсан сынды 10 шақты ауданнан кене ошағы анықталған.

Бағлан Тауанова, облыстық санитариялық-эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Сондай-ақ облыстың эндемиялық 9 өңірінде мамандармен кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмысы жүргізілуде.

Сондай-ақ...