Екібастұзда көлік қағып кеткен әйел жансақтау бөліміне түсті

Жол-көлік оқиғасы Кеншілер – Беркімбаев көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды «Хабар 24» @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 шілде күні сағат 16.20-да «Audi-80» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі 45 жастағы қала тұрғынын қағып кеткен. «Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші Екібастұз қаласының ауруханасына жеткізілді. Көлік құралы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактілер бойынша тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», – дейді департаментте. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан мәлім болғандай, әйел адам бірнеше жерден жарақат алған. Жағдайы ауыр тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған.