Бас прокуратура кедендегі былықтарды әшкерелеп, қазынаға 21 млрд теңге қайтарды

Тексеріс кезінде бірқатар компанияның Қытайдан тауар жеткізу  нарығын монополияландырып алғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мекемелер белгілі бір тауар түріне маманданып, сол затты ел ішіне өткізу аймақтарын өзара бөліске салған. Ал, кедендік баж салығын төлемес үшін әкелінетін жүктердің құнын жүйелі түрде төмендетіп отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақсат Орақбаев, ҚР Бас прокуратурасы бөлімінің бастығы:

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың басында прокуратура органдары кедендік саласында тексеру жүргізді.  Тексеру сыртқы экономикалық қызметтің Қытай Халық Республикасынан тауарларды әкелу нарығын монополияландырып алғанын көрсетті. Бас прокуратураның ұсынуы бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті 10 компанияға 107 млрд теңгені  қоса есептеді. Қылмыстық кодекстің 236-бабы – кедендік  сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.