Абай облысында күнбағыс пен жүгері алқабына қарасора еккен топ ұсталды

Абай облысында дені жастардан құралған топ күнбағыс пен жүгері алқабының арасына қарасора еккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елді мекеннен 25 шақырым жердегі жасырын есірткі плантацияны полицейлер кезекті рейд барысында тауып алды. Айналаны тінту барысында 2 мың түптен астам заңсыз өсімдіктен бөлек 104 келі марихуана тәркіленді. Егістікті күтіп-баптап жүрген 11 адамның 8-і оңтүстік өңірдің тұрғындары болып шықты. Қазір барлығы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Егер тағылған айып дәлелденсе, олар 15 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.