Полиция елордадағы митингке қатысты түсініктеме берді

26 қараша күні кешкі уақытта Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жастарға арналған мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға 300-ге жуық жасты жинаған ұйымдастырушы кәсіпкер көрінеу жалған ақпарат беріп, бейбіт жиналыстар өткізудің тәртібін бұза отырып, оларды өзінің мақсатына қол жеткізу үшін заңсыз шеруге шақырған. Соның салдарынан қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік пен әлеуметтік инфрақұрылым қызметіне кедергі келтірілді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция заңсыз әрекеттердің жолын кесу шараларын қабылдауға мәжбүр болды делінген хабарламада. Кінәлілер анықталып, полицияға жеткізілді. Енді олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.