Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Туған күні: 16.02.1971 Туған жері: ҚазКСР; Қызылорда қ. Тілдері: Қазақ, орыс Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: Алматы мемлекеттік медицина институты (1994) «Педиатрия» мамандығы» Қорқытау Университеті (2006) «Экономист» мамандығы Экономика бакалавры Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі: Медицина ғылымдарының докторы (2010) Еңбек өтілі: Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері; Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999); Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001); Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003); Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004); ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007); Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013); Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014); Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015); Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019); «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020) Сайланбалы қызметтері, депутаттық: Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020); Партияға қатыстылығы: «Аманат» партиясының мүшесі (2007 жылдан бастап) Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары: «Парасат» ордені; «Құрмет» ордені; Медалдері: «Шапағат», «Астанаға - 10 жыл»; «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі; «Nur Otan» партиясы Қызылорда филиалы төрағасының Алғыс хаты (06.2020) Бұған дейін бұл қызметті Ажар Ғиният атқарып келген болатын.