429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Галина Вишневская биатлоннан Германиядағы IBU кубогіне қатысады

  • 207
  • UPD: 17:37, 14.01.2021
Галина Вишневская биатлоннан Германиядағы IBU кубогіне қатысады ҚР ҰОК

11-17 қаңтар аралығында Германияның Арбер аймағында биатлоннан IBU кубогінің бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемдік жарысқа Қазақстан командасының спортшылары да қатысады. Нақтылап айтар болсақ, 14-15 қаңтар күні өтетін спринтерлер додасына Дастан Делдеш, Әсет Дүйсенов, Бекентай Тұрлыбеков және денсаулығына байланысты біраз жарыстан сырт қалған Галина Вишневская қатысады. 

Спринтерлер додасында ерлер 10 шақырымға, әйелдер 7,5 шақырымға жарысады.  

IBU кубогінің соңғы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасындағы эстафета жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы