АТР 2021 жылғы жарыс күнтізбесін жаңартты

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2021 жылғы ATP Tour күнтізбесін жаңартты.

Бұл туралы ҰОК сайтында хабарланды.

Биыл АТР 250 санатындағы жаңа екі турнирдің тұсауы кесіледі. Оның бірі – Австралия ашық чемпионатынан (22-28 ақпан) кейін бір аптадан соң басталатын Сингапурдегі жарыс. Екіншісі Испанияның Марбелье қаласында Майамидегі «Мастерс» (5-11 сәуір) бәсекесінен кейін өтеді.

Сәуір айында Будапештте өтетін Hungarian Open турнирі енді Сербияның Белград қаласына ауыстырылды. Аталған жарысты Новак Джоковистің ағасы ұйымдастырмақ.

2021 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы жарыс өтпейді. Ал қалған бәсекелердің күнтізбедегі уақыты ауысқан жоқ.