Футболдан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде» күміс жүлде иеленді

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінде» екі ірі жеңіске жетіп, турнирде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Даму кубогі» халықаралық турнирі Молдова - Қазақстан - 0:5 (0:3)

Голдар: Труфанов, 4, 35, 65;  Валгушев, 30; Oматай, 51 06.02.2021. Минск.

«Футбол манежі» Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму кубогінің» соңғы ойынында айқын әрі маңызды жеңіске жетті. Жеңісті ойын біздің шабуылшы Ян Труфанов жасаған хет-трикпен есте қалды. Осы жеңістің арқасында біздің команда турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алды. Кирилл Морунов шәкірттері өткен ойында алаң иелері Беларусь құрамасымен кездесіп, басым түскен еді.