Талдықорғанда индорхоккейден ел чемпионатының екінші кезеңі аяқталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр аймағынан келген 10 команда қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өзара сынға түсіп, үздіктерін анықтады. Қос кезеңнің қорытындысы бойынша Алматы облысының ерлер және әйелдер құрамасы көш бастап тұр. Ұлттық құраманың негізін жасақтайтын жетісулық спортшылар жалпы саны 24 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып келеді. Енді 15 күндік үзілістен кейін сайыстың үшінші және төртінші кезеңі өтеді.

Тілек Оразбекұлы, индорхоккейден ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі:

- Алда үшінші, төртінші тур дайын тұр. Оған қызу дайындалудамыз. Жаттықтырушылар да алдыға мақсат қойдып отыр. Мақсат – бірінші, екінші турдағыдай жеңіске жету. Соған жетуге тырысамыз. Мақсатымыз 13 рет қатарынан чемпион атану.

Махмұт Орман, Көгалдағы хоккейден мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Азия чемпионатында екінші орын алып, әлем чемпионатына жолдама алып отырмыз. 100 командадан 12 команда ғана қатысады сол әлем чемпионатына. Әр континенттен бір-бір команда келеді. Әлем чепионатына қойылған мақсат жүлделі орын алу.