Елордада BAQ-лиганың жаңа жеңімпаздары анықталды

Биылғы кубок баспасөз хатшыларынан құралған «ДИИК» командасына бұйырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар осыған дейін 7 жыл қатарынан чемпион болып келген «Хабардан» басым түсті. Ойын 8:4 есебімен аяқталды. Биылғы турнир «Хабар» агенттігінің 25 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. Оған 14 команда қатысып, бақ сынады. Жарыс кезінде санитарлық талаптар толық сақталды.