Зарина Дияс WTA рейтингінде бір сатыға төмендеді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингін жаңартты, деп хабарлады Prosports.kz

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап тұр, одан кейін жапон Наоми Осака мен румын Симона Халеп жайғасқан. 

Қазақстан өкілі Елена Рыбакина 23-орында қалды, Юлия Путинцева да 28-позицияны сақтай алды, Зарина Дияс 85-тен 86-орынға түсті.