Қ.Қоңқабаев AIBA бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды

Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Коңқабаев алдағы бокстан AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтеді.

- Мен осы әлем чемпионатының елшісі болғаныма қуаныштымын. Болашақ чемпиондар жас кезден қалыптасады. Сондықтан оларды қолдау аса маңызды. Жастартың финалына қатысып, тартысты эекпе-жектердің куәсі боламын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, - деді Қамшыбек.

Әлем чемпионаты елшісінің функцияларына әлем чемпионатын насихаттау және жарысқа қатысты барлық іс-шараларға қатысу кіреді. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионатына, жас былғары қолғап шеберлерімен кездесу өткізеді. Сонымен қатар жарыстың баспасөз конференцияларына қатысады.