Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады

23 сәуірде триатлоннан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Olympic.kz.

Құрлықтық біріншілік Жапонияның Хацукаиши қаласында өтеді. Аталған бәсекеге Жапония, Иран, Өзбекстан, Сирия, Филиппин, Оңтүстік Корея, Гонконг, Қытай, Моңғолия және Қазақстаннан барлығы 50-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. 

Қазақстан сапынан сынға түсетін атлеттер:

– Ануар Тұрыбаев;

– Арина Шульгина;

– Екатерина Шабалина;

– Аян Бейсенбаев;

– Дарын Қонысбаев;

– Александр Автушко;

– Семен Пивоваров.