Токио-2020: Олимпиада лицензияларының 70%-і ойнатылды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиодағы Ойындарға қатысуға арналған лицензиялардың 70%-і бөлінгендігі туралы мәлім етті.

Осылайша, 7800-ден астам спортшы алдағы Олимпиаданың қатысушылары болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалған квоталар рейтингтерге сәйкес, сондай-ақ квалификациялық жарыстар арқылы ойнатылады. Бұл ретте футбол, су добы, спорттық күрес, тректегі және шосседегі велоспорт, гандбол, көгалдағы хоккей, волейбол, құзға шығу, суға секіру, ат спортында жолдамаларды үлестіру аяқталды.