Дамир Исмағұлов UFC-дегі төртінші жеңісіне қол жеткізді

23 мамырға қараған түні Лас-Вегаста UFC Fight Night 188 турнирі өтті.

Турнирге қатысқан Ресейдегі этникалық қазақ файтері Дамир Исмағұлов қарсыласы бразилиялық Рафаэль Альвесты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Айта кету керек, 30 жастағы Исмағұлов ивенттің бастапқы кардын ашты.