ӘЧ: Қазақстан плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін қайтарды

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатында Германия командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерін тізе бүктіру оңай болмады. Юрий Михайлистің шәкірттері 27-інші минутта алғаш болып шайба соққанымен, немістер Қазақстан қақпасына екі гол салды. Алайда екінші үзілістен кейін біздің жігіттер есепте теңестірді. Ал матч соңында Павел Акользин үшінші шайбаны салып, осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде төртінші орынға көтеріліп, плей-офф кезеңіне жолдама алу мүмкіндігін қайтарды. Латвияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан әлі үш ойын өткізеді.