Бүгін Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионатына жеребе тартылады

1 маусымда Цюрихте футзалдан әлем кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ІХ әлем чемпионатына 24 құрама қатысады. Олардың арасында Қазақстан да бар.

Ағымдағы рейтинг бойынша командалар 4 себетке бөлінген. Рейтинг соңғы бес әлем чемпионатында жинаған ұпайлардың жалпы санына негізделеді (жеңіске 3 ұпай, тең нәтиже үшін 1 ұпай, жеңіліске 0 ұпай).

Әлем чемпионаты Литваның үш қаласы Каунас, Вильнюс және Клайпедада өтеді.

Жеребенің тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де басталады.