Токио Олимпиадасындағы дзюдошылардың кестесі шықты

Елдос Сметов жарысты екінші айналымнан бастайды. Дзюдодан олимпиада ойындарының жеребе тарту рәсімі өтті.

Оған сәйкес 60 келіде ел намысын қорғайтын Елдос алғашқы кездесуін түркиялық және бутандық спортшылар күресіндегі жеңімпазбен өткізеді. Ал 66 келідегі келіде Ерлан Серікжанов бірінші айналымда-ақ мықтылардың бірі әзірбайжандық Орхан Сафаровпен кездеседі. Орта салмақтағы Жансай Смағұлов армениялық, ал, Дидар Хамза мен Ислам Бозбаев, сәйкесінше Моңғолия және Бразилия өкілдерімен белдеседі. Қыздар арасында Қазақстан атынан шығатын Галбадрах 2018-2019 жылғы әлем чемпионы украиналық Дария Вилодадпен бір сеткада. Қазір ұлттық құрама Токио төрінде соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Дзюдо бойынша іріктеу сындары 24 шілдеде басталады.

Ғалымжан Жылгелдиев,  дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Ешкі бұл жарысқа барып, ұтылам деп ойламайды. Барлығы жеңем деп, осы жерден жүлдегер болып, осы біздің еліміздің туын желбіретіп, әнұранын ойнатсам деген сондай мақсатпен келіп жатыр. Менің де осы ойым балаларымыз жүлделі орын алса екен.