Токиода XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Токиодағы Олимпиада стадионында XXXII жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды.

Ашылу салтанаты коронавирустық пандемияға байланысты көрерменсіз өтеді. Көрермендер түрлі-түсті қойылымды, қатысушы командалардың шеруін және алаудың жағылуын тамашалай алады.

Олимпиаданың 16 күнінде 33 спорт түрінен 339 марапаттар жиынтығы ойнатылады. Оның 27-сінде қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді.

Тікелей эфирді «Хабар» телеарнасынан көруге болады.

Токио Олимпиадасы 8 тамызда аяқталады.