Токиода Олимпиада алауы тұтанды

Төрткүл дүниенің назары Жапонияға ауды. Токиода Олимпиада алауы тұтанды. Коронавирус жер-жаһанның апшысын қуырып тұрса да жапондар тәуекелге барды. Бұл заңды. Себебі ежелгі Римнен бастау алған Олимпиада ойындары кезінде соғыс та тоқтап, бес күндік бейбіт өмір орнаған. Ал күншығыс еліне дүниенің әр түкпірінен келген спортшылар қатаң тексеріліп, көрермендер саны шектелген.

Токионың ұлттық стадионында жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты  ашылуы өтіп жатыр. Ауқымды шараға коронавирусқа байланысты тек 950 ресми өкіл қатысуда. Салатанатты шараның өзі атлеттердің шеруі, Олимпиада антын беру, Олимпиада алауын жағу және әсем шоудан тұрады. Осыдан кейін жазғы Олимпиада ойындары ашылды деп жарияланады. Салтанатты рәсім «Алға қозғалыс» деп аталды. Қойылым індетке байланысты дүние жүзіндегі денсаулық сақтау саласындағы дағдарыспен және 2011 жылғы Жапониядағы жойқын жер сілкінісімен байланыстырылған. Салтанатты ашылу алдында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі. Токио Олимпиадасының тағы бір ерекшелігі алғаш рет әр қатысушы елден ер мен әйел адам алып шықты. Біздің Қазақстанның туын жеңіл атлеттен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа ұстап шықты.

Сондай-ақ...