Тұрсынғали Еділовті бокс федерациясы құраманың бас бапкерлігіне қайтып алмайды

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған Тұрсынғали Еділовті қазіргі федерация керек етпейтін сынды.

Мұны журналистермен өткен арнайы брифинг кезінде Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбек анық аңғартты. Ол Еділовтен де мықты бапкерлер бар. Бізге жас жаттықтырушылардың жаңа көзқарасы керек, соларға иек артамыз деп қалды. Соған қарағанда Тұрсынғали Еділовты ұлттық құрамаға қайта шақырмайтын сияқты. Токио Олимпиадасында қазақ боксшыларының сәтсіз өнер көрсетуінен кейін қоғамда бапкерлерді ауыстыру керек деген мәселе көтерілген еді. Бұқара Тұрсынғали Еділов қайта келсін деген өтініш айтқан. Өйткені дәл осы маман Сидней Олимпиадасында қазақ байғарын көкке көтерген еді. Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдабек, Болат Жұмаділов сынды кіл мықтыларды жаттықтырған.

Сондай-ақ...