Токио 2020: Каратэші Мөлдір Жаңбырбай жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай Токио Олимпиадасындағы жарыс жолын аяқтады.

Бұл туралы Prosport.kz хабарлайды.

55 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Мөлдір Жаңбырбай В тобындағы соңғы айқасында Жапон өкілі Михо Миахарадан жеңілді.

Ол алғашқы айқасында мысыр өкілі Радва Саедті жеңіп, артынша австриялық Беттина Планкқа есе жіберді. Сосын Украина өкілі Анжелика Терлюгамен тең түсті.