Сәкен Бибосынов: Мен ұтылған жоқпын

«Мен өзімді бокста жеңілдім деп санамаймын». Олимпиада ойындарында бокстан қоланы қоржынға салған Сәкен Бибосынов журналистерге осылай деп жауап берді.

Сәкен де, бокстан бас жаттықтырушысы да «сайыста төрешілер бұра тартты» деп отыр. Өкінішке орай Олимпиада ережесі бойынша кеткен есесін даулай алмайды. Сонымен қоржында қос қола. Алғаш рет Олимпиадада боксшылар алтынсыз қалып отыр.

Сәкен Бибосынов, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері:

- Мен өзімді ұтылдым деп санамаймын. Ұттым. Енді төрешілердің шешімі сондай болып тұр. Бірінші раунд нокдаун деп те айта алмаймын. Мен есімді жоғалтқан жоқпын. Төрешілер солай санады. Екінші, үшінші раундта барымды салдым.