А.Винокуров «Астана» велокомандасындағы қызметіне қайта оралды

«Астана» велокомандасы алдағы маусымда өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық серіктестер келер жылы да командаға қолдау көрсетіп, бас демеуші болатынын хабарлады. Ал Александр Винокуров команданың спорттық жетекшісі міндетін қайта қолға алады. Енді ол шабандоздар мен қызметкерлерді жинап, жобаның келешегіне жауап береді. Бүгінде команда әлемдік велоспорттың жоғары лигасындағы 17-маусымына дайындалып жатыр. Жақын арада келісімшарттар ұзартылып, командаға жаңа шабандоздар қосылады.