Талдықорғанда регбиден ел үздіктері анықталды  

 

Талдықорғанда регбиден жасөспірімдер арасындағы ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Талдықорғанда регбиден жасөспірім ұл-қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.

2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында талдықорғандық «Жетісу» командасы топ жарды. Алматылық Rugby Kids екінші болса, Алматының тағы бір командасы «Азияспорт-Junior» үздік үштікті қорытындылады. 

Аталған санат бойынша жарысқа барлығы алты команда қатысты.