Стадионды шулатқан мысық: Майамидегі матч ерекше өтті

Майамидегі матч кезінде жанкүйерлер назары алаңдағы футболға емес, стадион төбесіне шығып алған мысықта болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жануар бірнеше секунд шатырда салбырап тұрған. Көрермендер АҚШ туын созып, мысықты аман-есен құтқарып алды. Бұған риза болған жанкүйерлер орнынан тұрып, ду қол шапалақтады.