Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан қола жүлдеге таласады

Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалда Португалиядан жеңілді.

Ойынның негізгі бөлігі 2:2 есебімен тең аяқталғанмен, біздің жігіттер пенальтиден мүлт кетті. Қос команда да матч басынан-ақ шабуылға көшкен. 23-минутта  португалиялық Пани Қазақстан қақпасынан саңылау тапса, Дәурен Нұрғожин қысқа уақытта таразы басын теңестірді. Ал 42-минутта Дуглас Қазақстан құрамасын алға шығарды. Оған көп ұзамай Бруну Коэлью жауап қайтарды. Кездесу тағдырын шешкен пенальти тебуде Португалия 4:3 есебімен ұтып, шешуші сынға жолдама алды. Енді ұлттық құрама қола жүлдеге Бразилиямен таласады. Мачт 3-ші қазанға жоспарланған.

Рикардо Кака, ұлттық құраманың бас бапкері:

– Екі команда да өте жақсы ойнады. Жарайсыңдар деп айтар едім. Біз тек пенальтиден ұтылдық. Қалғанында жігіттер барын салды. Өкпем жоқ. Бұл жолы қарсыластың жолы болды. Олар да осал емес, мойындау керек. Ары қарай шеберлігімізді шыңдап, келесіде қатерлікке бой алдырмауға тырымасыз. Көп жұмыс күтіп тұр.