Үш қазақстандық каратеші Мәскеуде Премьер-лига финалына шықты

Бұл күндері Мәскеуде каратеден Премьер-лига жарысы өтіп жатыр. Қазақстандық үш спортшы жарыстың финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 60 келіде Қайсар Алпысбай финалға жолдама алды. Ал әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мөлдір Жаңбырай, ал 55 келіге дейінгі салмақта Сабинп Захарова финалда бақ сынайтын болады. 

Айта кетейік, Премьер-лига додасының финалдық бәсекелері 3 қазан күні өтеді.