«Қазақ стилі – әлемдегі ең мықты». Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KO) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Хабар 24» Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек Top Rank промоутерлік компаниясы 5 қараша Лас-Вегаста ұйымдастыратын бокс кешінде өтеді. 

«Мен өзгелерден ерекпін және мұны бәрі біледі. Менің стилім басқа. Қазақ стилі – әлемдегі ең мықты. 5 қараша мұны көрсетемін», - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.

 

Сондай-ақ...