Қазақстан құрамасы бокстан әлем чемпионатына жаңа капитан тағайындады

Бүгін, 21 қазанда бокстан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысу үшін Белградқа (Сербия) аттанады, деп хабарлайды vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл турнирге бармайтын Қамшыбек Қоңқабаевтың орнына команда капитаны ретінде екі Олимпиадаға қатысқан және әлем чемпионаттарының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов таңдалды.

Қазақстан құрамасы:

48 келі - Теміртас Жүсіпов

51 келі - Сәкен Бибосынов

54 келі - Махмұд Сабырхан

57 келі - Серік Теміржанов

60 келі - Саматәлі Төлтаев

63,5 келі - Санатәлі Төлтаев

67 келі - Абылайхан Жүсіпов

71 келі - Асыланбек Шымбергенов

75 келі - Нұрқанат Райыс

80 келі - Нұрбек Оралбай

86 келі - Бек Нұрмағанбет

92 келі - Айбек Оралбай

+92 келі - Нұрлан Сапарбай

Сонымен бірге бапкерлер штабының құрамы да өзгерді. Осылайша бас жаттықтырушы Нұркен Аңдасов болады. Штаттағы бапкерлер: Ғани Әшкеев, Талғат Жақпеков, Максат Бақтыбазаров, Асқар Еркебаев, Александр Насибуллин және Нұржан Насанов.