Бокстан әлем чемпионатының алғашқы күні еліміз үшін сәтті басталды

Теміржанов пен Жүсіпов екінші айналымда. Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды және жарыстың алғашқы күні біз үшін сәтті болды.

Ең бірінші шаршы алаңға 57 келідегі Серік Теміржанов шықты. Ол қазіргі Азия чемпионы, моңғолиялық Энкх-Амар Хархууинмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді Серік тағы бір Азия чемпионы, жастар арасындағы құрлықтық додада топ жарған жапон боксшымен жолығады.

Айта кетейік, 23 жастағы жерлесіміз бірер ай бұрын Токио Олимпиадасына қатысып, іріктеу сыныннан аса алмады. Ал ұлттық құраманың капитаны Абылайхан Жүсіпов Тайпей спортшысын жеңді. 67 келіге дейінгілер арасындағы айқаста қазақстандық боксшының басымдығы айқын болды. Төрешілер бір ауыздан Абылайханды жеңімпаз деп таныды. Енді ол венесуэлалық Кристиан Паласиомен кездеседі. Бұдан бөлек тағы 11 боксшымыз бар. Бүгін жарыс алаңына Сәкен Бибосынов пен Нұрқанат Райыс шығады. Сербиядағы дода 6 қарашаға дейін жалғасады.

Қайрат Сәтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкері:

- Біздің боксшыларымыздың дайындығы жақсы. Бәрі жанын салып жұдырықтасамыз деп жұлқынып тұр. Жігіттерге айтып жатырмыз: «Белградта команда бойынша бірінші орын алайық! Бәріміз соған тырысайық, сондай мақсат қояйық! Әрқайсың жеңімпаз болуға лайықсыңдар! Жеңімпаз болғаннан бөлек «Ең үздік боксшы» атағын да алуымыз керек! Бәрі өз қолдарыңызда!» деп жігерлендіріп жүрмін. Жеңіске құлшынысымыз жоғары, бар күш-қуатымызды саламыз.

Жас палуандар елордаға жиналды. Бұнда еркін күрестен Жақсылық Үшкемпіров атындағы республикалық турнир өтті. Оны Олимпиада чемпионы есімі берілген жекпе-жек сарайы қабылдады.  Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық қатысушы жиналды. Бұл балалар мен жасөспірімдер арасындағы аса ауқымды жарыстардың бірі. 6 мен 13 жас аралығындағы өрендер 25 салмақта өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Ақмола облысының спортшылары алдына жан салмады. Бас-аяғы 8 алтын жеңіп алды. Жалпыкомандалық есептегі екінші орын Алматы облысына бұйырса, жамбылдықтар үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, бұл бәсеке алғаш ұйымадстырылды. Енді алдағы уақытта оны дәстүрлі өткізу жоспарланып отыр.

Самат Ерғалиев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Әсет Серікбаев, еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері: