Асланбек Шымбергенов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерін жеңді

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталуға жақын. Бүгін шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшылардың барлығы да жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан сапынан ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбекстандық Шахрам Гиясовпен кездесті. Шахрам 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері әрі кәсіби бокстан тоғыз кездесу өткізіп үлгерген. 

Екі боксшы арасындағы тартысты жекпе-жекте Шымбергеновтің басымдығы көзге ұрып тұрды. Ол қарсыласқа соққыларын жиі дарытып, төрешілер 5:0 есебімен кездесуді Асланбектің пайдасына шешті. 

Сондай-ақ...